Qazaq Air ұшағы 37 жолаушымен апатты жағдайда Атырауға қонған

4241
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/b5ecb099-f19a-47c1-8661-4859fb4c1ec3.jpeg
Qazaq Air әуекомпаниясының ұшағы Атырауға апатты жағдайда қонған. Бұл туралы әуекомпанияның хабарламасында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ұшақ Ақтөбеден Бакуге қарай бет алған. Атырауға қону туралы жоспар мүлде болмаған.
«37 жолаушысымен ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 19:21-де қонды. Аяқастынан ұшақтың қонуына іштегі жолаушының бірінен қан кету себеп болған. Экипаж алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жақын маңдағы әуежайға қону керек деп шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем қызметі келіп алып кеткен», – делінген әуекомпания хабарламасында.
Дәл қазір жолаушының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Комментарии