«ҰКҚМО» КЕАҚ басшылығы А.Әбелдиновпен жұмыс кездесуін өткізді

3087
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/b4355779-357a-4253-b505-d63bbc83fe44-960x500-1.jpeg
23 қаңтар күні «ҰКҚМО» КЕАҚ кеңсесінде Орталық басшылығы Қазақстан анимациялық студиялары қауымдастығының төрағасы А.Әбелдинов және оның адвокаты А. Қабдоловпен жұмыс кездесуін өткізді. ⠀ Кездесуді ұйымдастыруға А.Әбелдиновтің Facebook әлеуметтік желісіндегі «Что не так с анимацией?» жарияланымы мен оған қарасты Т. Муканованың жазған түсінігі негіз болды, ол кісімен 25 қаңтарда қосымша кездесу өткізілді. ⠀ Өздеріңіз білетіндей, А.Әбелдинов ҰКҚМО басшылығын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыптады. Өз кезегінде Т.Муканова да А.Әбелдинов онымен әңгімелесу барысында осындай айыптауларды айтқанын мәлімдеді. ⠀ ҰКҚМО кеңсесінде өткен кездесу барысында А. Әбелдиновтен Орталық басшылығы тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық фактілерін нақтылау сұралды. Алайда А.Әбелдинов дәлел келтірмеді және сыбайлас жемқорлық фактілерін растайтын материалдарды ұсына алмады. ⠀ Өз кезегінде, ҰКҚМО комплаенс-қызметінің өкілдері А.Әбелдинов пен Т. Мукановаға телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көпшілік алдында жасалған ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын, кемсітетін негізсіз айыптаулар фактісі бойынша сот органдарына шағым берілетінін хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы ⠀

Комментарии