Атыраулық әйел сәбиін аукционға салып, сатып жіберді

3736
Adyrna.kz Telegram
Баласын аукционға шығарған секілді саудалаған ана ұсталды. Атыраулық әйел баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушылардың арасында саудаға салған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, әйел өз сәбиін сатып алатын екі адамды тауып, оларды өзара аукциондағыдай бәсекелестірген. Ақырында көбірек ақша ұсынғанға ойланбастан баласын ұстатып жіберген. Полиция департаменті мұндай ақпаратты растады.

Қазір бұған қатысты "Кәмелетке толмағандардың саудасы" бабымен іс қозғалған. Күдікті әзірше баласының жанында, бостандықта жүр.

"Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаға және анасына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапатты жария ете алмаймыз", - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер