«Тәтті жегім келді»: Ақтөбеде торт ұрлаған адам бейнебақылауға түсіп қалды (ВИДЕО)

3799
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/49406590-2b76-45c3-9a58-15bc1ea3d964.jpeg
Ақтөбеде ер адам кондитерлік дүкеннен торт ұрлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқиға 1 ақпан күні түнгі уақытта болған. Ол 15 мың теңге ақшалай және 40 мың теңге сомасындағы торттарды ұрлаған. Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам тәтті жегісі келіп, ұрлық жасағанын айтқан. “Ұрлық” фактісіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
<
Комментарии