Ақын, көптеген жыр байқауының жеңімпазы Мерген Тоқсанбай Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин мемориалды музейінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуаныш Оспан жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін менің Мергенім, Мерген Тоқсанбай «Мәлік Ғабдуллин музейі» МКМ-нің директоры болып тағайындалды! Ал, достым, қызмет қайырлы, құтты да берекелі болсын!»—деді ол.
Мерген Тоқсанбай – 1988 жылы 14 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген. «Көкше» академиясының филология факультетін тәмамдаған. 2010 жылғы XIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты. «Ассалаумағалейкүм», «Ностальгия» жыр жинақтарының авторы.