«А» деп, аузын ашып, ұрандатқанның бәрі шынайы ұлтшыл емес - Талғат Жанысбай

2968
Adyrna.kz Telegram

Алдағы ҚР парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауынан ескі жүйенің кландары да дәмелі. 

Сайлаудың ашық әрі әділ өтуінің бір белгісі пропорционал және мажоритарлық, яғни аралас сайлау жүйесі. Мұндай сайлау жүйесі — демократиялық мемлекеттерге тән дүние. 

Сайлау болған соң, сайлаудың талаптарына сай келетін кез келген ҚР азаматы өзін ұсынып,  сайлауға түсуге құқылы. Бірақ халық бір нәрсені ескеру керек, «А» деп,  аузын ашып,  ұрандатқанның бәрі шынайы ұлтшыл емес. 

Себебі сайлауға өтінім бергендердің арасында бұрынғы жүйенің қаржыландырып отырған кландары мен сыртқы күштердің жендеттері бар. Олар үшін елдің қамы көк тиын. Олардың көксегені елдің тұтастығына сыза түсіру. 

Сонымен қатар кандидаттардың  арасында МҒҚ (мордасы ғана қазақ)- лар да жүр.  

Өз ана тілін білмейтін адамдарды, өз ұлтын жексіз сүйеді деп айту қиын. Себебі өз ұлтын сүйсе,  өз тілін де шексіз сүйетін еді. Сондықтан оларды мәслихат пен мәжілісте бірдеме тындыратынына сенбеймін. 

Сол себепті әлемжеліден арбайтындарды халық айыра білу керек. Отырып алып,  елді жамандайтындардың бәрі шынайы ұлтқа,  тілге жаны ашитындар емес. Сол отырғандардың ішінде бірауыз қазақша білмейтіндері жетіп жатыр. 

Алдағы сайлауда қарынның қамын емес, ЕЛ-дің қамын ойлайтындар сайланса екен деген тілек білдіремін. Алла, тілегімді қабыл ете гөр.

Талғат Жанысбай

Пікірлер