Адай Әбілдиновтің анимация саласына қатысты шағымына «ҰКҚМО» комплаенс-қызметі түсініктеме берді

2864
Adyrna.kz Telegram

Адай Әбілдиновтің анимация туралы шағымына «ҰКҚМО» комплаенс-қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«ҰКҚМО» КЕАҚ комплаенс-офицері Марат Камзолдаев «Қазақстан анимациялық студиялар қауымдастығы» ҚБ төрағасы Адай Әбілдиновтің "ҰКҚМО" КЕАҚ-ның қызметіне шағымдарына түсініктеме берді.

“Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстанның анимациялық студиялары қауымдастығының төрағасы Адай Әбелдинов өзінің Facebook парақшасында «Что не так с анимацией?» тақырыбында пост жариялады. Постта көрсетілген А.Әбелдиновтің "ҰКҚМО" КЕАҚ-ның қызметіне шағымдарын ескере отырып, жағдайды түсіндіру қажет деп санаймыз.

2022 жылғы конкурстық іріктеудің нәтижесінде «Ашина. Легенда о небесных волках» («Dala Animation» ЖШС), «Өркеш» («Aday Production» анимациялық орталығы») және «Алмалы» («Kemel Production» ЖШС) анимациялық жобалары мемлекеттік қаржыландыруға ие болды.

Тиісті жұмыстарды атқарғаннан кейін, жоғарыда аталған компаниялар ҰКҚМО-на шығармашылық есептерін өткізді. Алайда ҰКҚМО-ның қызметкерлері есептерді тексеру барысында өрескел бұзушылықтарды анықтады, соның ішінде плагиат, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі аясында өндіріске енгізілген жобалардан контентті көшіру қаупі. Сонымен бірге осы үш жоба бойынша өткізілген жұмыстар мен олардың өндірісіне бөлінген қаражат сәйкес келмейді.

Аталған мәселе бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындылары алынып, «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптамалық кеңестің арнайы отырысы өткізілді. Сараптамалық кеңестің мүшелері ұсынылған барлық құжаттармен танысып шығып, ҰКҚМО басшылығының осы мәселе бойынша позициясын қолдады, ол тиісті хаттамада көрсетілген. Осы жағдайларды ескере отырып, ҰКҚМО-ның заңгерлері «Dala Animation», «Aday Production» және «Kemel Production» компанияларын жосықсыз өнім беруші ретінде тану туралы сотқа талап арыз жіберді.

Анимациялық студиялардың жұмысын жоспарлы түрде бұғаттау туралы күдікке келетін болсақ, Қазақстанның анимациялық студиялар қауымдастығының төрағасы Адай Әбелдиновтың өзі "ҰКҚМО 2020 жылғы конкурсының қорытындысы бойынша өндіріске бес анимациялық жоба іске қосылды, олардың әрқайсысы ұлттық рухты нығайту мақсатына қызмет етеді" деп айтқан болатын. Өз кезегінде, ҰКҚМО жанындағы Сараптамалық кеңестің төрағасы, Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов отандық киноның сапасы туралы сөз қозғағанда, қазақстандық анимацияны ерекше атап өткен болатын, әсіресе 2022 жылғы байқауда сегіз анимациялық жоба қолдау тапқаны атап өтілген”, делінген түсініктемеде.

Пікірлер