“Енді ақша үшін айқас басталады”: 6 ақпаннан бастап 4%-дық автонесие бағдарламасы ашылады

7342
Adyrna.kz Telegram

6 ақпаннан бастап 4%-дық автонесие бағдарламасы ашылады. Бірақ былтырдағы кезек жойылып, жаңа кезек құрылады. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, көлік алу үшін енді көлікке емес, ақшаға кезекке тұру қажет.

“6 ақпаннан бастап 4%-дық автонесие бағдарламасы ашылатын болды. Яғни, келесі дүйсенбі күні таңғы сағат 10-нан бастап, avtonesie.kz деген порталдан өтініш бере аласыздар. Бірақ қуанатын ешқандай жаңалық жоқ. Себебі, былтыр мамырдан бері көлік аламын, 4%-дық жеңілдетілген несиемен темір тұлпар мінемін дегендердің қуанышы су сепкендей басылды. Себебі, ол кезектің бәрі жойылады. Енді көлікке емес, ақшаға кезекке тұратын болдық. Автонесиеге бөлген ақша өте аз. Бар болғаны қазір банктерде 7 млрд 600 млн теңге ақша бар екен. Бұл бар болғаны 760 адамның көлік алуына жететін ақша екен.

Сол себепті енді ақша үшін айқас басталады. Ол үшін эллектронды кезекке тұрасыздар. Электронды кезекке тұрғаннан кейін сізге ақша береміз деп банк шақыртады. Ол жерге барып, келісім аласыз. Ол  сізге 60-ақ күнге жарайды. Сол 60 күннің ішінде көлік салонына барып, өзіңізге қажетті көлікті тауып, рәсімдеп алу керек. Ал бізде білесіздер, былтырдан бері көліктер салондарда кредитке емес, қолма-қол алуға жоқ болып жатыр. Сол себепті, 60 күннің ішінде салондар су жаңа көлікті тауып береді дегенге сенбеймін”,- деді Диас Нұрақын.

Пікірлер