Пәкістан мешітіндегі терактіде қаза тапқан 100 адамның 97-сі – полицей

3386
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zubair Khan/AP/dpa
Фото: Zubair Khan/AP/dpa

Пәкістанның Пешавар қаласында мешітте болған жарылыс салдарынан мерт болған 100 адамның 97-сі – күш құрылымдарының қызметкерлері. Бұл туралы Пәкістан Ішкі істер министрлігінің басшысы Рана Санаулла Ұлттық жиын алдында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Пешавар - Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва солтүстік-батыс провинциясы.

«Теракт салдарынан 97 полицей мен 3 қарапайым азамат қаза тапты», - деді Санаулла.

Пешавар қаласында дүйсенбі күні болған жарылыстан мерт болғандар саны 100-ге жетіп, жарақат алғандар 200-ден асты.

Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, жанкешті лаңкес жарылғыш затты мешітке бесін намазы кезінде іске қосқан. Сол сәтте мешітте адам көп болған, оның ішінде полиция қызметкерлері мен әскерилер бар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер