Журналистер тау шаңғысымен сырғанап, сайысқа түсті

3363
Adyrna.kz Telegram

Oi Qaragai  демалыс кешенінде қаламын қару еткен журналистер спортық сайысқа түсіп, ептілік пен шапшаңдық танытты. Prosports.kz редакциясының журналистері байыпты дайындығымен есте қалды,  "Тенгриньюс " алған әсерімен бөлісіп, ерекше толқыды. "ҚазАқпарат " майталмандары сырғанаудың сырлы өрнегін сызып, көптің ықыласына бөленсе, ал "Время"-лықтар орнықтылық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.

Қазақ медиасының 30-дан астам өкілі бас қосып, журналистер арасында тау шаңғысы бойынша Қазақстан Кубогын таласқа салды. Oi Qaragai отбасылық тау курортындағы шуақты демалыс күні ерекше болды әрі көпшіліктің есінде қалды. Себебі, сайыс үшін 30 жыл бойы шаңғы тепкен кәсіби спортшылар да, өткен жылы ғана шаңғы тебуге ден қойған өрендер де ортадан табылды.

Тартысқа толы сайыстың нәтижелері бойынша Егор ерлер арасында бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орын Владимир Прокопенкоға  (Tengrinews.kz) және Андрей Кукушкинге ("Информресурс"агенттігі) бұйырды.

Арулар арасында штаттан тыс журналист Анастасия Наумецкая топ жарып, Наталья Качалова күміс медаль ("Курсив" газеті),  ал қола медаль "Время"газетінің журналисі Ирина Баженованың қанжығасына байланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер