"Цеснабанктің" болашағы не болмақ?

1892
Adyrna.kz Telegram
"Цеснабанктің" Астанадағы кеңсесіне кіріп бара жатқан адамдар. Көрнекі сурет
"Цеснабанктің" Астанадағы кеңсесіне кіріп бара жатқан адамдар. Көрнекі сурет

Азаттық тілшісі министрден "Проблемалық несиелер қоры" "Цеснабанк" активтерін сатып алуды қаржыландыру үшін жергілікті қор биржасына 604 миллиард теңгенің облигациясын орналастырады" деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұраған.

Министр Смайылов "Біз бұл туралы әлі келісімге қол қойған жоқпыз. Бірақ ондай жоспарымыз бар. Банктің жағдайы нашар емес, бірақ осындай шаралар жасау көзделіп отыр" деді.

Бұған дейін Reuters агенттігі Қазақстан үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, Астана "Цеснабанкке" қосымша қаржы керек деп, оған инвестор іздеп жатқанын хабарлаған. Агенттік дереккөзінің мәліметінше, үкімет пен ұлттық банк өкілдері былтырдан бері Қазақстанның үш банкімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның шалажансар банктеріне бірнеше рет қаржылай көмек жасалғаны хабарланған. Көмек алған банктердің арасында Қазақстандағы екінші ірі кредитор – "Цеснабанк" те бар. Бұл банк "Цесна" корпорациясына кіреді, ал оны осы кезге дейін Әділбек Жақсыбековтің ұлы Дәурен басқарып келген.

"Цеснабанк" қыркүйектің басында Ұлттық банктен қысқа мерзімге 150 миллиард теңге несие алғанын растаған. Несие "қосымша өтімділік қорын қамтамасыз ету үшін" берілген. Банк 6 қыркүйектегі жағдай бойынша несиенің жартысынан көбі - 100 миллиард теңгені "өз есебінен өтегенін" хабарлаған.

2017 жылы банк секторын жақсарту бағдарламасы аясында "Цеснабанкке" мемлекеттен жеңілдікпен 100 миллиард теңге берілген еді.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер