Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдауымен ақынның ақыны, алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтетіндігін жариялайды.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
– мүшәйраға 20 – 50 жас аралығындағы ақындар қатысады;
– мүшәйраға Мағжанның ақындық, қайраткерлік тұлғасын паш ететін бір өлең;
– еркін тақырыптағы бір өлең, барлығы 2 (екі) өлең ұсынылады;
– бұдан бұрын байқауға қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
– шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Өзі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесін қоса тапсыруы керек;
– үміткерлердің шығармалары 2023 жылғы 10 ақпанға дейін ocntpk@mail.ru эл.поштасына қабылданады;
– мүшәйраның қорытынды іс-шарасына жүлдегерлер ғана шақыртылады. Өтетін күні қосымша хабарланады;
–қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген 9 ақынға 300 000 мың теңгелік Мағжан Жұмабаев атындағы әдеби сыйлық табысталады;
–жүлдегер атанған 9 ақынның Қызылжар қаласында оқырмандармен кездесу кеші өтеді.
Ұйымдастыру алқасы: Облыстық халық шығармашылығы орталығы,
жауапты Жарқын Жұпархан: 8 777 760 64 64, Аида 8 705 226 43 24
"Адырна" ұлттық порталы