"Зардап шеккендер бар": Ресей Харьковтағы тұрғын үйге зымыран тастады

3284
Adyrna.kz Telegram

Ресей Украинаның Харьков қаласындағы тұрғын үйдің бірін зымыранмен жарып жіберді. Ғимарат қала орталығында орналасқан. Соңғы келіп жеткен деректерге сексек, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, Харьковқа С-300 зымырандары бағытталған. Жергілікті жұртшылық терезелерінің соққыдан зақымданғанын айтып, дабыл қағып жатыр.

Ресейдің атқан зымыранан  бір адам қаза тапты. Алдын-ала деректер бойынша жарақат алған үш тұрғын бар.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер