Қазақстанда терактінің бәрін сәләфиттер жасады - теолог Асқар Садбин

5772
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда терактінің бәрін сәләфиттер жасады. Бұл пікірді белгілі теолог, исламтанушы Асқар Сабдин “Сұрауы бар” ютуб бағдарламасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қаншама теракт барлығын сәләфиттер жасады. Сол терактарды жасаған адамдармен кездескен адам ретінде айтамын. Барлығының портреті бірдей. Ал енді сәләфизмнің ішінде қазір әртүрлі ағымдар пайды болды. Бұлар да қырық пышақ болып, бір-бірімен дауласып жатыр. Ішінде мәзхалифтер бар. Олар да екіге бөлініп кеткен…

Қазіргі таңда сәләфизмнің жобалары әлемде деструктивті табиғатын көрсетті. Сауд Арабияның өзі қазіргі консерватизм сәләфизмнен бас тартып жатыр. Мысалы, бұрын мүфтилері музыка харам десе, қазіргілері музыканың харам екеніне нақты дәлел жоқ деген секілді пәтуалар бере бастады”,- деді дінтанушы.

Пікірлер