Израиль Иранда арнайы операция бастады - Al Arabiya

2767
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында жексенбіге қараған түні бірқатар ірі жарылыстар болды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы ВВС арнасына сілтеме жасап.

Al Arabiya басылымының хабарлауынша, Израиль Иранда арнайы операция бастаған. Иран астанасында жойқын жарылыс болды, Иранның Хамадан қаласында жарық өшіп, бүкіл Иран аумағында интернет баяулаған

ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында мотор майларын шығаратын ірі зауыт өртенген.

Сондай-ақ, әскери қойма мен оқ-дәрі жасау орталығы да жарылды. Тегеранда ұшақтар көтеріліп, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасалған.

Иранның қорғаныс министрлігі оқ-дәрі өндіретін орталықтардың біріне ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасалғанын растады.

"2023 жылдың 28 қаңтарында кешке сағат 23:30 шамасында қорғаныс министрлігінің орталықтарының біріне дрондар сәтсіз шабуыл жасалды. Олардың біреуін әуе қорғанысы соққыға жықты, ал қалған екеуі қорғаныс тұзағына түсіп, жарылды", – делінген хабарламада.

Жарылыс тек Исфаханда ғана емес, Иранның Хамадан, Хой, Гарах, Тебриз және Кередж қалаларында болды.

Пікірлер