Путинді қолдаған Азаматқа қарсы шығып, ғайбаттау үлкен қателік. Бұл пікірді дінтанушы ғалым Зікірия Жандарбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Құрметті бауырлар! Бір екі-күн болды Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевты Ресейді, Путинді қолдаймын дегені үшін ФБ-да, т.б. әлеуметтік желіде иттей талап жатыр. Ол депутат жігіттің пікіріне қарсы шығып жатқан азаматтардың ішінде небір атақты, абыройлы азаматтар бар. Серік Пірназар деген бауырымыз «Мұның адамнан жаратылғанына үлкен күмәнім бар»-жазыпты. Мұндай айыптаулардың жеті атасы өріп жүр. Бірақ, сонда бұл жігіттің осылай деп, айтуына не себеп болды? деген сұрақ көпшіліктің ойына келмепті. Бұл өте қауіпті синдром. Азамат бауырымыз орыстың Украина жеріне неліктен басып кіргенін өзінің өресі жеткен жерге дейін айтты. Соның өзі түсінген адамға жетерлік болатын. Ресейдің Украинаға соғыс ашуына себеп болған басты фактор, Ресейдің қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алу еді. Егерде Украина жеріне АҚШ бастаған Батыс елдері ядролық қаруларын әкеп қоятын болса, Ресейдің ол соғыста аман қалуы мүмкін емес еді. Бұл тұрғыдан келгенде Ресейдің Укринаға соғыс ашуын түсінуге болады. Азамат осы тұрғыдан айтып отыр. Сондықтан тайлы-таяғымызбен Азаматқа қарсы шығып, ғайбаттау үлкен қателік. Жалпы бұл постымда айтылатын негізгі мәселе бұл емес. Бұдан күрделі. Бірақ оны көпшілік түсіне алады ма? Жоқ па? Мен оны білмеймін. Мен де мен Ресейдің, Путиннің жеңгенін қалаймын. Ертеңгі күні қазақ жеріне де басып кірсе қайтесің? -деп айтатындарыңызды да білемін. Әрине. Ондай жағдай қалыптасса мен елімді, жерімді, қорғаймын”, деп жазды ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ресейдің біздің елге тиіспеуі үшін Украинаны қолдап, Ресейді жау санағанды қою керек.
“Бірақ, мәселені олай ушықтырмай шешуге болады. Ол үшін Украинаны қолдап, Ресейді жау санағанды қою керек. Сонда Ресей де біздің елімізге деген теріс пиғылынан бас тартады деген ойдамын. Менің білетінім, бұл соғыста Ресей жеңілуге тиіс емес. Сонда мыңдаған адамды өлтіріп жатқан Ресейдікі дұрыс деп есептейсіз бе? -деулеріңіз мүмкін. Рас. Алайда, Ресей жеңілсе, адами болмыс жеңіліп, адамзат баласы хайуани болмыстың жетегінде кетеді. Бұл соғыста халық мыңдап, миллиондап қырылуы мүмкін, бірақ, АҚШ пен Батыс елдері жеңетін болса, онда адамзат баласы миллиардтап қырылады. Өйткені, адамзат баласы толығымен азғындық жолына түседі. Қазіргі АҚШ бастаған Батыс мемлекеттерінің адамзатты азғындатып, адами болмысын құртуға бағытталған саясаты адамзаттың басына төнген басты қауіп. Оның ықпалын қазіргі күні қазақ халқы анық сезініп те, көріп те отыр. Елімізге келіп, жастарды азғындатып, ЛБГТ, гемосексуализм т.б. адамның азғындауына апаратын түрлі жолдарды елімізге әкелген топтың артында кімдер тұр? Мектептерге «Әлемдік құзіреттілік» деген пәнді енгізуді талап етіп, балаларымызды қыршынынан қиатын жобаны елімізге тықпалап отырған кімдер? Егерде Ресей Украинада жеңілетін болса, онда осы азғындықтың барлығын өз қолымызбен іске асыруға мәжбүр боламыз. Себебі, ондай жағдайда АҚШ пен Батыс елдерінің аяғын тартып, қарайлайтын ешкім қалмайды. Бүкіл әлемге өздері би, өздері қожа болатын заманға жетеді. Бірақ олардың да өз мақсаттарына жетуі мүмкін емес. Осы жарық дүние мен он сегіз мың ғаламды жаратқан Тәңір Тағала мұндай азғындықтың толығымен іске асуына мүмкіндік бермейді. Адамзат басына ақырзаман апатын әкеледі. Ақырзаманның белгілері қазіргі толығымен дерлік жер бетіне шықты. Бір ғана күннің батыстан шығуы ғана қалды. Қазіргі көзі қарақты, жер бетінде қандай апаттардың болып жатқанын көріп, бақылап жүрген адам, менің сөзімнің жалған еместігіне куәлік бере алады. Исматулла қари сияқты рухани әлемнен хабары бар тұлғалардың Путинді, Ресейді қолдап жүруінде осындай хикмет бар. Осы қатерді сезінбеген жандардың Украинаны, АҚШ пен Батыс елдерін қолдайтынын, өздерінше әділетті қорғап жүрміз деп ойлайтынын көргенде адам санасының қаншалықты материалдық болмыс жетегінде кеткеніне көз жеткіземіз. Өкінішке орай, мұның соңы бүкіл адамзат баласы үшін құрдым екенін де сезіне алар емеспіз”, - деді дінтанушы ғалым Зікірия Жандарбек.