"Рақмет, Лена!": Финалда Рыбакина Арина Соболенкодан ұтылып қалды

2228
Adyrna.kz Telegram

AusOpen-2023 финалынында Елена Рыбакина Арина Соболенкодан ұтылып қалды. Ашық чемпионатының финалында, өкінішке қарай, қарсыласына жол беріп қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірінші сеть Еленаның еншісіне шешілді - 6:4. Рыбакина бес эйс орындап, үш брейкпойнттың екеуін жүзеге асырды. Сонымен қатар Соболенко да бес эйс орындап, бірақ екі қателікке жол берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші партияда Соболенко мықтырақ болып шықты. Есеп - 6:3. Беларусь ойыншысы жеті эйс орындады, жеті брейкпойнттың біреуін сәтті жүзеге асырды, ал өз кезегінде Рыбакина эйстен үш ұпай ғана тіркеді, брейкпойнттың үшеуін де сәтсіз игерді.

Спорт журналисі Руслан Меделбек Е. Рыбакинаның ойынына қатысты пікір білдірді.

- Ғажап екі апта үшін, ғажап турнир үшін, ғажап ойын үшін, керемет эмоция үшін, тенниске деген махаббатың үшін, Қазақстанға деген алғысың үшін рақмет! Жарақаттан аман бол, бастысы сол. Мұндай ғажап эмоцияны әлі көп сыйларыңа сенем. Рақмет, Лена! - деп жазды журналист.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер