Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы құрықталды

2951
Adyrna.kz Telegram
Израиль қорғаныс әскері Шығыс Иерусалимдегі Нева-Яаков аймағында орналасқан синагогада [ғибадат орны] оқ жаудырған террористтің ата-анасын құрықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Израиль қорғаныс күштері лаңкестің ата-анасын тұтқындады және қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң оның Шығыс Иерусалимдегі үйін қоршап алды", - делінген Jerusalem Post басылымында.

Кейінірек полиция синагогаға жасалған қарулы шабуылға қатысты 42 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Дүрбелеңге тұтас дүние көз тікті.  АҚШ Президенті Джо Байден Иерусалимдегі терактіні өркениетті әлемге жасалған шабуыл деп бағалады.

Айта кетсек, бұған дейін Иерусалимнің шығысындағы Нева-Яак кварталындағы синагогада әлдекім оқ жаудырып, 7 адам қаза тапқаны, тағы 10 адам жарақат алғаны хабарланған. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, 21 жастағы террорист өзі жалғыз әрекет еткен, оның көзі жойылды.

Лаңкестің ХАМАС радикалды тобының мүшесі екені хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер