Басқыншылықтан кейін Путинді ешкім деп санамайтын болдым — Владимир Зеленский

2863
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский Путинмен кездесіп, екі ел арасындағы жанжалды шешу үшін келіссөздер жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеді. Айтуынша, Ресей әскерлері Украинадан шығарылған жағдайда ғана бейбіт келісімге келу мүмкін болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналистер басшыға «Ресей президентімен кездесу Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесе ме?» деген сұрақ қойды.

«Маған бұл қызық емес. Кездесуге, сөйлесуге қызықпаймын. Шынымен, Ресейде кім шешім қабылдайтынын түсінбеймін. Мен сөзі мен ісі бөлек адамды көрдім. Басқыншылықтан кейін оны ешкім деп санамайтын болдым»,— деді ол Sky News арнасына берген сұхбатында.

Пікірлер