Мемлекет басшысының «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында айтылған ойлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен студенттік форумда талқыланды. Жетекші университеттің студенттері Қазақстан жастарын «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» инновациялық және ұлттық жастар қозғалысына қосылуға шақырды.
Бір алаңда 2 мыңнан асқан жастар – студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жас ғалымдар, стартаперлер, кәсіпкерлер мен еріктілер жиналды. Пікірлермен және тәжірибелермен алмасу Президент айтқан барлық негізгі бағыттар бойынша өрбіді. Талқылаудың басты бағыты білім экономикасын құруға жастарды қатыстыру жолдарын табуға арналды.
Форумды ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов: «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жаңа формацияның жас толқыны өсті. Ел Президенті мен мемлекет оның қалыптасуына және дамуына көп үлес қосты. Мемлекет тәуелсіздігін нығайтудың жауапкершілігі мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру және әлемдік деңгейде ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жастарға аса зор жауапкершілік пен үлкен үміт жүктеледі», - деп атады.
Мемлекет басшысы жастар алдына қойған тапсырмаларды орындауға студенттер қандай үлес қоса алатындары жайлы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ олар 4.0 индустриясын құруға бағытталған жеке идеялары мен инновациялық жобаларын ұсынып, стартаптарды іске асыру тәжірибелерімен бөлісті.
Форум жұмысының қорытындысы ретінде «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – елдің инновациялық дамуы үшін» ұлттық жастар қозғалысын құру жөніндегі бастамасы ұсынылды. Студенттер ел жастарын қозғалысқа белсенді қатысуға және бар білімін, қабілетін, шағырмашылығын креативті идеяларды, жобаларды және инновацияларды жасауға және енгізуге арнауға шақырды.
«Қазақстан Жастар жылына аяқ басты, бұл – Елбасының ел болашағы жас ұрпаққа деген үлкен әрі ерекше қамқорлығының көрінісі. Мемлекет біз үшін бір нәрсе жасап береді деп күтіп отырудың еш қажеті жоқ. «Мен елім үшін не істей аламын?» деген сұрақты әрбір адам өзіне қоюы тиіс», - делінген үндеуде.
Үндеуде көрсетілгендей, жыл сайын елімізде ЖОО қабырғасынан 200 мыңға жуық түлектер бітіріп шығады. Олар өмірге қаншалықты білім қорымен қадам басады және азаматтық ұстанымы қаншалықты белсенді деген сұрақ туады. Маңыздысы сол олар қажетті құзіреттілікке қол жеткізген соң жұмыссыздардың қатарын емес, өздері жұмыс орындарын құра алған азаматтардың бірегейі болу тиіс. Себебі еліміздің ертеңгі гүлденуі олардың Қазақстан қоғамының дамуына қосқан үлесіне тығыз байланысты.
Елбасы айтқандай, Қазақстанға ғылым мен инновацияны көтеретін және 4.0. индустрияны құратын креативті ұрпақ керек. Тек сол кезде ғана елдің жаһандық технологиялар трендіне сай дамуын және әлемдік кеңістіктегі оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете аламыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жастарды білім экономикасын дамытуға тарту жаңа идеяларды, ойлар мен инновацияларды анықтауға және қолдауға бағытталған алаңдарды құруға ықпал ететіндігі құжатта айтылған.
Интеллектуалды-шығармашылық әлеуетті ынталандыру мақсатында және талантты жастарды анықтау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6 жылдан бері «Менің Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан нақты үлесім» үздік жас ғалым, үздік студенттік старт-апқа, «Өз елімнің гүлденуі үшін мен не істей аламын?» атты үздік эссе мен поэтикалық шығармаға, «Мәңгілік ел – менің мұратым» үздік патриоттық әндерге арналған ҚР Бірінші Президенті күнінде қорытындысы шығарылатын байқаулар жобасы жүзеге асырылып келеді.
«Ұлттық жастар қозғалысын қалыптастыру мақсатындағы аталмыш тәжірибе негізінде «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» ұранымен жоғарыда аталған байқауларды республиканың барлық жастары арасында жыл сайын өткізу тәжірибесін қарастыруды ұсынамыз», - делінген ҚазҰУ студенттерінің үндеуінде.
Форум қатысушылары ұлттық жастар қозғалысы Қазақстан студенттерінің жалпы қолдауына, Қазақстан көлемінде жүйелі негізде жүзеге асырылуы жастардың жаңа идеяларының, жобалары мен шығармашылық бастамаларының тұрақты ағынын қамтамасыз ететініне, оның кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасап, болашақта жеке инновациялық кәсіпорындарын құруға ынталандыратынына сенім білдірді. «Егер бұл жобаға әрбір университет, кәсіпорын және аймақ қосылса, онда инновациялық жастар қозғалысы шын мәнінде жаппай болып, білім экономикасының дамуына зор ықпал ететін ынталандырушы күш болады. Біз жастардың ең үздік бастамалары мемлекеттік ұйымдардың барлық деңгейіндегі тиісті ресурстардан қолдау табады деп сенеміз! Осыған орай Біз үлкен ынтамен Президенттің тапсырмасын қолға ала отырып, талантты жастардың идеялары мен стартаптарына көмек көрсету мақсатында арнайы грант табыстайтын бизнес-құрылымдарға ұсыныс тастаймыз. Біздің ұсынысымыз ары қарай кең көлемде жүзеге асырылса, онда ол қоғамда қолайлы инновациялық орта жасауға әрі жастардың күш жігері мен шығармашылығының жасампаз күшке айналуына мүмкіндік береді. Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы толығымен бізге байланысты! Еліміздің болашағы - біздің қолымызда», - деп шақырды ҚазҰУ студенттері.
Форум қатысушылары өз тараптарынан жасалған үндеу мен ұлттық жастар қозғалысы Қазақстан студенттерінен жалпыортақ қолдауға ие болады деп үміт артты.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі