Қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесі мен жалақысын дәрігерлер мен мұғалімдердікі секілді көтеру ұсынылды

3958
Adyrna.kz Telegram
Фото: martebe.kz
Фото: martebe.kz

ҚР автокөлік одағының басшысы Сәбит Аманбаев қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәртебесін дәрігерлер мен мұғалімдердікі секілді көтеріп, жалақысы орташа айлық жалақыдан жоғары болуы керек екенін айтты. Бұл туралы Информбюро ақпараттық бағдарламасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аманбаев осы арқылы бұл саладағы қызметкерлердің тапшылығын шешуге болады деп санайды. Қазақстанда қоғамдық көліктерде әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 25 мың жүргізуші қажет болса, олардың саны қазір 17 мыңға да жетпейді, яғни тағы 8 мыңға жуық жүргізуші қажет.

«Бүгін маған 20 адам жетпей жатса, ертең 30 адам болады. Көбісі жұмыстан шығып, шетелге кетіп жатыр. Шығыс және Батыс Еуропада жүргізушілердің жалақысы айына екі-үш мың еуро. Ақшаларын уақытында төлейді. Ай сайын жарнамамен 30-40 адамды әкетіп жатыр»,- деді ҚР Автокөлік одағының басшысы. 

Автобус жүргізушілері кесте бойынша екі күн жұмыс істеп, екі күн демалады. Ал орын алмастыратын адам болмаса, демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр екен. Соның салдарынан жол көлік апаттары жиілеп кеткен. 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер