2025 жылға дейін бакалаврдағы грант санын 75 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әр жыл сайын 10 мың грант қосылады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Ғылым және Жоғары білім министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Жыл сайын гранттардың саны көбейіп келе жатыр. Былтыр 10 мың грант қосылды. Биыл да сол грант сақталады. Өткен оқу жылында q88 мыңнан астам грант берілді. Енді 2025 жылға дейін бакалаврдағы гранттардың санын 75 мыңға дейін көбейту қарастырылған. Мақсатымыз жоғары білімге мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мүмкіндікті пайдаланып талапкерлерді көбірек қамту”, - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Бану Нарбекова.
Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда студенттердің 60 пайызы ақылы бөлімде оқиды.
“Ақылы бөлімде оқитын студенттер қажетті ұпайды ала алмайды. Ол гранттың жетіспеушілігіне байланысты емес, түлектердің оқу жетістігінің төмендігіне байланысты. Ұлттық университеттерге оқуға түсуі үшін 70 ұпайдан кем алмауы қажет. Ал, педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін 75 ұпайдан жоғары болуы керек. Біз университеттерге жыл сайын ақылы оқу сомасы
Сондай-ақ, ол оқуға түсе алмаған жағдайда студенттерге арналған мүмкіндіктерді де атады.
“Егер төмен балл алатын түлектердің оқуға түсуге мүмкіндігі болмаса, белгілі бір пайызын мемлекет тарапынан көмек ретінде алады. Ал қалған 50, 70 пайызды жеңілдетілген түрде несие алуына болады. Ол несиені оқу бітіріп, жұмыс істей бастағаннан кейін қайтара бастайды. Жалпы былтыр бакалавриатта 71 мың грант бөлінді.
Магистратура, доктарантура, резидентураны есептегенде барлығы 88 мың грант болды. Осы үш деңгейді есептегенде биыл 90 мыңдай грант бөлінеді”, - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Бану Нарбекова ОКҚ-де өткен брифингте.