"50 жылда мұндай суық болмады": Облыс әкімі көкөністің қалай үсіп кеткенін түсіндірді

2605
Adyrna.kz Telegram
24 қаңтарда, бүгін, өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды болған жағдайды мәлімдеді.  Әкім тонналап үсітіп алған көкөністің есебін берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.   

Журналистер әкімнен облыс жылыжайларындағы көкөністі қалай жаппай үсік шалғанын сұрады.

"Сойқан суықтың келгенін білесіздер, оңтүстік өңірлерде соңғы 50 жылда мұндай суық болмаған еді", - деп жауап берді Дархан Сатыбалды.

Әкім қалың жауған қардың әсерінен жылыжайлардың ақыры мен іргесінің бүлінгенін атап өтті. Жиған-терген өнімнің бір бөлігі қар астында қалған.

"43 гектар жер зардап шекті, зардап шеккен 33 гектар шаруа қожалығының жылыжайын диқандар өздері көтерген. Құжаты жоқ.  Бір жаны құлаған, бірақ ол жерге көшет отырғызылмағаны белгілі болды. Орындар боп-бос. 3,7 гектарға көшет, құлпынай, қызанақ, қияр егілген. Бұлар да шаруа қожалықтарының құжатсыз жылыжайлары. Бірақ біз бәріне көмектесеміз",  - деді Түркістан облысының әкімі өз сөзінде.
"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер