“Балалары тастап кеткен”: Жамбылда келіні өз атасын үйінен қуып жіберді

3376
Adyrna.kz Telegram

Жетпіс төрт жасар Жусанбай Оңғарбаев ақсақалды келіндері үйінен қуып жіберген. Барар жер, басар тауы қалмаған ақсақал шағын теміржол бекетін паналаған. Қария өзіне қол ұшын созған теміржолшылармен тілдесіп, қарттар үйіне барғысы келетінін, алайда жөн-жосығын білмейтінін жеткізді. Тіпті, тағдыр тауқыменін тартып, көңілі құлазыған ақсақалдың нәр татпағанына бірнеше күн болған. Бұл туралы журналист Данияр Әлімқұл өз парақшасында хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Желі қолданушылары қартайған шағында таяныш болар балаларынан теперіш көріп, далада қалған Шу қаласы тұрғынының мұң-мұқтажын көпшілікке жеткізді. Видео авторы халықтан кеңес сұрап, ақсақалды бала-шағасы тастап кеткенін айтты:

- Қарттар үйіне баруға келісесіз ғой?.. Бала-шағасы бар, бірақ тастап кеткен, - деді видео автор бұл жайлы.

Алайда, ақсақалдың қарттар үйіне қабылдануы да түйіткілі көп мәселе болып шықты. Өңірдегі қарттар үйі ақсақалды қабылдаудан бас тартқан. Қазір аудандық әкімшілік ақсақалға болысып, тиісті көмек көрсетіп жатыр. Қарияның болашақта қайда орналасатыны Алматыдан арнайы шақыртылған туған перзенті келгенде белгілі болады дейді мамандар.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер