“Неге өтірік айып тағып отырсыз?”: Қаңтаршының жанайқайы желіде тарады

3315
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының тұрғыны, Қаңтар оқиғасының қатысушысы Ғалымбек Бисаев 23 қаңтарда прокурор оқыған айыптау актісіне келіспейтінін айтып, өз  ұстанымын жақтағаны жайлы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Тіл кеспек жоқ” арнасына сілтеме көрсете отырып.

Жеті баланың әкесі Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыссыздық мәселесін көтеруге барып, дүрбелеңді көрген бойда үйіне қайтқан. Айыпталушы Бисаев өзіне тағылған айыптың негізсіз екенін айтып, сот залында тартысқа түсті.

[Куәгерлер мен медицина сараптамалары растаған] полицияның азаптауына ұшыраған көпбалалы әкеге Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі, «жаппай тәртіпсіздікке» қатысу айыбы тағылған.

Орайы келгенде айта кетейік, Алматыда «24+1 соты» қаралып жатыр. Соның бірі – айыпталушы Бисаев. Бір марқұм деректері алға тартылып және 24 адамның қатысуымен өтіп жатқан ауқымды процесте кемі 18 сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер