Шымкентте жастар саясаты іс-шараларына 160 мыңға жуық жас қамтылды

705
Adyrna.kz Telegram

Үшінші мегаполисте 2022 жылы 160 мыңға жуық жас тұрғын түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан. Ал қалалық Жастар ресурстық орталығы 32 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті.

Жастар ресурстық орталығы жанынан мобильді топ құрылып, «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы ұйымдастырылды. Оның аясында шалғай елді мекендердегі 15 мыңнан астам жасқа жұмысқа орналасу, үй кезегіне тұру, техникалық білім алу және тағы басқа әлеуметтік көмектер ұсынылып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Нәтижесінде бүгінде жоба аясында 16 735 жастар мемлекеттік бағдарламаға жұмылдырылды. Атап айтқанда 9 мыңға жуық жасқа түрлі бағыттар бойынша жұмысқа жолдама берілсе, оның ішінде 4739 жас тұрақты жұмысқа орналасқан, ал 7 мыңға жуық жас онлайн оқудан өткен. Оның ішінде 455 жас кәсіпкер қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізіп отыр.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағындағы 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, жастармен жұмыс жүргізуде. «Шымкент қаласындағы NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдама бекітілген. Оған сәйкес жұмыссыз жүрген жастар тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес жыл басынан бері «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 37 рет ұйымдастырылып, оған 5000 жас қамтылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында 1313 жас шілде-қыркүйек айлары аралығында жұмыспен қамтылды. Еңбек жасақтары 200 тоннадан астам қоқыс жиналып, жалпы 70 гектарға жуық гүлзардың күтімімен айналысты.

Айта кетейік, Шымкентте 14-29 аралығындағы 245 178 жас бар. Олар жалпы қала халқының 21,7 пайызын құрайды.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket