20 қаңтарда сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық саз өнерінің жарқын бейнесі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Сарыарқа» атты концерті өтті.
Кеш қонақтары Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Біржан Әлиев, Азамат Шынаров, Әсел Алина жеке өнер көрсетті.
2023 жыл – Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында республикалық деңгейде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық оркестр ауқымды іс-шаралар мен дәулескер күйші атындағы кіл мықтыларды анықтайтын Республикалық конкурс ұйымдастырады.
Айтулы мерейтой 2018 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілген болатын.
Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келген
Құрманғазы Сағырбайұлы – ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы, халқының тәуелсіздікке жетуін армандап, күймен әрлеген дәулескер, аңыз күйші.