Швециядағы акция: Түркия елшілігінің алдында құранның көшірмесін өртеп жіберді

4427
Adyrna.kz Telegram
Фото: Jonas Gratzer/Getty Images
Фото: Jonas Gratzer/Getty Images

Швецияның астанасы Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында "Қатаң бағыт" партиясының жетекшісі Расмус Полудан акция өткізіп, көпшілік алдында Құранның көшірмесін өртеп жіберді.

Айта кетейік, акцияға Швеция билігі рұқсат берген, ал Полуданның қауіпсіздігін жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

Акцияда саясаткер НАТО, Ангора және түрік президенті Режеп Тайып Ердоғанды сынға алып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетті.

Бұл әлем мұмсылмандарының шамына тиіп, ашуын тудырды.

"Бұл оқиға бүкіл әлемдегі мұсылмандардың реніш сезімін тудыруы және олар үшін қауіпті арандатушылық болуы мүмкін", деп Кувейттің Сыртқы істер министрі Салем Абдалла әл-Джабер Ас-Сабах Стокгольмдегі жағдайды айыптап, қорқатынын айтты.

Ал Кувей СІМ-і басу айтты.

"Халықаралық қауымдастықты осындай қолайсыз әрекеттерді тоқтату, жеккөрушілік пен экстремизмнің барлық түрлерін қабылдамау, кінәлілерді жауапқа тарту, саясат пен дінді байланыстырмау, диалог, халықтар арасындағы толеранттылық және бейбіт құндылықтарды тарату бойынша өз міндеттемелерін орындауға шақырды",- делінген министрліктің хабарламасында.

Салем Абдулла әл-Джабер Ас-Сабах  Стокгольмнен кез келген дінді қорламауды талап етті.

Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін Анкара Швеция мемлекеті Қорғаныс министрлігі жетекшісінің сапарын тоқтатып, кездесудің "мәні жоқ" екенін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер