Қазақ елінің шекарасын кесіп өтпек болған Ресей азаматы құрықталды

3359
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан шекарасын заңсыз  кесіп өтпек болған кезінде 41 жасар ресей азаматы [әйел адам] ұсталды. Шекара бойында ұсталған әйелге іздеу жарияланғанына алты айға жуықтаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Шығыс Қазақстан облысы полициясының баспасөз қызметі Ресей азаматының ұсталғаны туралы хабарлады. Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйегінен бастап жалдаған пәтерді тонаған деген айыпқа байланысты құқық қорғау органдарынан жасырынып келген.

- Келтірілген залал сомасы 15 000 рубльге (100 мың теңгеге жуық) бағаланады, - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура органдарымен бірлесіп құрықталған азаматты экстрадициялау мәселесін қарастыру қамына кірісті.
Пікірлер