"Шынын айту керек, Тоқаевтың жақсы саяси реформалары бар" - оппозиционер Ермұрат Бәпи

3213
Adyrna.kz Telegram

Оппозициялық бағытты ұстанатын белгілі журналист, саясаткер, "Дат" газетінің редакторы Ермұрат Бәпи Қазақ елінің саяси реформаларына қатысты кенен ой, толымды пікір білдірді. Журналист "Диван сарапшылары" ютуб-арнасында қонақ болып, елдегі саяси бетбұрыстарды кеңінен талқыларды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист, саясаткер Ермұрат Бәпи арнада журналистермен кең көлемде сұхбаттасып, жаңа реформалардың Қазақстан үшін тиімділігіне кәсіби баға берді. Сонымен қатар, құжатнамалық өзгерістерді сөз етіп, заң актілерінің маңызды тетіктерін талқылады.

- Президент Тоқаевтың атынан елдегі өзгерістерге деген ықылас, жақсы бастамалар бар. Оған дау келтіруге болмас. Сең қозғалды. Өзгерістер басталып жатыр. Сайлау жүйесіндегң өзгерістер, мәселен. Отыз мандаттың сайлауға түсуінің өзі айтарлықтай өзгеріс деп айтуға болады. "Қоғамда ешқандай да өзгеріс жоқ, ештеңе реттелмей жатыр. Бұрынғы Назарбаевтың жүйесі қалай болса, Тоқаевтың да жүйесі тура сол" деген пікір бар, әрине. Отыз жыл отырып қалған халық елдегі өзгерістердің қарқыны қатты болғанын қалайды. Кіршіш, қамал болып қалған отыз жылдық жүйені өзгерту үшін билік азаматтық қоғамның, халықтың көмегіне жүгінуі керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер