Мен Ресей президентін қолдаймын - Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев

5132
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев “Азаттық Радиосына” берген сұхбатында Ресей президентін қолдайтынын ашық айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, ол Украина мен Ресей арасындағы соғысты “арнайы операция” деп атады.

“Мен Ресей президентін қолдаймын… Осы жазға дейін Зеленскийдің өз залқы ұстап, сотқа береді деп ойлаймын. Мен Украинадағы арнайы операцияны қолдаймын”, - деді ол.

Депутат қазір Украинаның билігінде нацистер отыр деп ойлайды. Одан бөлек ол өзі сияқты ойлайтын 2-3 әріптесі бар екенін де жасырмады.

Айта кетейік, Азамат Әбілдаев оппозициялық “Ақ жол” партиясының мүшесі.

Ресейшіл депутат туралы Азаттықтың журналистері партия төрағасы, депутат Азат Перуашевтен сұрады.

“Мен бұл туралы білмеймін. Ол оның жеке пікірі. Біздің партия соғысты қолдамайды”,- деді Азат Перуашев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер