КРЕСТІҢ "КЕРЕМЕТІ' немесе ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДА

2768
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/krest-1-2.jpg
Қатты суық тиіп ауруханаға түскенім жайлы айтқан едім... Жаныма жетпіске келіп қалған Федя деген "ағамызды" жайғастырды...Бойы бір қарыс болса да, шақар, өз мінезі бар, құдайға сенгіш екен пақырың... Жиі - жиі темекі тартады. Ол темекі тартуға кеткенде смартфоннан Eurospotr арнасын қосып,  Australian Openде өтіп жатқан теннис көріп жатқан едім. Ол:- Шұқшиып не көріп жатырсың?- деп, маған шұқшиды.. Мен Россия мен Америка ойнап жатыр,- деп, едім, бəйге атындай екі құлағын қайшылап, жаныма жетіп келді. Павлюченкова мен Коллинз ойнап жатқанын аздап түсіндіріп едім,  Федя жылдам- жылдам шоқынып, Павлюченковаға арнап дұғасын оқып, жаныма жалғасты. Мен оның шырпы қорабынан екі тал шырпы алып, төмендегідей крест жасап беріп ем,  дəн риза болғаны. °°° Бірінші сетті орыс қызы 6:2 есебімен жеңді.  Екінші сетті Коллинз 7:5 есебімен жеңді. Федя тіпті жиі- жиі шоқына бастады!!! Үшінші сетті Коллинз 6:1 есебімен жеңгенде Федя, шоқынып отырған шырпыдан жасаған кресті қолымен еденге шашып, шырғалаң тудырғаны)))) °°° Осы кезде дəрігер келіп, крещение күні суға түскен қауға сақал қандасымыздың пневманиямен түскенін хабардар етті... P.S. Барлық діни конфессияға құрметпен қараймын. Бірақ, дұғамен емдеймін, дұға арқылы жеңіс сыйлаймын дегенге анша - мұнша сенбейтін болып бара жатырмын!!! Сіз не дейсіз Досым?!!!

Советқазы Нұрсиланың Фейсбук парақшасынан

Комментарии