“Өз-өзіне қарсы”: Желі белсендісі Қазақ тілі оқулығын сынға алды

4735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/baab302e-ec95-46e6-b94d-6036fe355e15.jpeg

Әлеуметтік желі белсендісі Бәкіжан Берікұлы 4 сынып оқушыларына арналған “қазақ тілі” кітабындағы қателікті айтып, видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, оқулықтағы мәтін сөздері бір-біріне қарама-қайшы.

“Міне, “қазақ тілі” кітабы 4-сынып 2 бөлім “құмырсқа” туралы. “Біріншіден, құмырсқа - ең көп кездесетін жәндік. Екіншіден, құмырсқа - жәндіктердің сирек

кездесетін түрі, - дейді. Бір сөзбен айтқанда, өз-өзіне қарсы шығып отыр”,- деді Бәкіжан.

Видеоға жазған пікірлер де көп.
“Кітаптардың саны көп, сапасы мүлдем жоқ”, “Өзіміз оңбай жатқанда кітаптарды ақсатты, біздің кезіміздегі зиялы қауым жоқ қазір әдебиеттерде”, - деп жазды пікір білдірушілер.
Комментарии