ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған оқушы асылып қалды

3803
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alamy
Фото: Alamy

ТікТок желісінде қауіпті ойын пайда болды. Оны ойнаған 13 жастағы қыз өзіне-өзі қол салды. Желіде елдің зәресін ұшыратын аудиожазба тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Астана телеарнасының мәліметінше, видео авторыөзін суицид жасап қайтыс болған жеткіншектің әкесімін деп таныстырады. Ата-аналарға ескерту жасап, балаларының ұялы телефонын тексеруге шақырған.

13 жастағы қыз үйдегі баспалдақта асылып, қайтыс болған. Жеткіншектің әкесі оған ТікТок-тағы ойын кінәлі дейді. Айтуынша, платформада жаңа ойын пайда болған. Оның өз шарттары бар. Алдымен бала тамырын кессе, кейін асылып өледі.

«Балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер. Мен ары қарай қалай өмір сүрерімді, не істерімді білмеймін. Барлығы телефонның кесірінен», - дейді қайтыс болған қыздың әкесі.

Марқұмның әкесі қызымнан айырылған күні Таразда тағы екі оқушы өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Алайда олар ұялы телефондағы ойынды өшіріп үлгерген. Хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін Жамбыл облыстық полиция департаментіне хабарластық. Құзырлылар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында суицид деректері тіркелмеген», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Айта кетейік, елімізде жеткіншектер арасында интернеттен жапа шеккендер саны 10 есе өскен. Былтыр 100-ден астам жеткіншек кибербуллингтің құрбаны болды.

Пікірлер