Екібастұзда 142 нысан тағы да жылусыз қалды

3229
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/7c420c6a-7041-49b4-ac5a-c521bbc0cd1b.jpeg
Екібастұзда Орамішілік жылу желісіндегі жұмыстарға байланысты бірнеше тұрғын үй жылудан ажыратылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Компаниядағылар бүгін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 20 көпқабатты, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан жылу беруден ажыратылғанын айтты. Жалпы, қалада жылу бірінші рет өшіп жатқан жоқ. Жылу желілеріндегі апаттан кейін былтыр 28 қараша мен 8 желтоқсан аралығында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ол кезде екібастұздық 13 мыңнан аса тұрғынның үйлері жылу, ыстық су, кәріз жүйесінен ажыратылды”, делінген хабарламада.
Комментарии