“Әкем түрмеде”: Актер Рамис Құлахметов заңсыздықтың куәсі болғанын айтып, видео жариялады

2772
Adyrna.kz Telegram

Актер Рамис Құлахметовтың әкесін заңсыз соттап жіберген. Бұл туралы актер ТикТок парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода актер заңсыздық орын алғанын айтып, оқырмандарынан қолдау сұрады. 

“Бұл оқиғаны көптен бері бөліскім келді…

Неге бөлісіп отырмын? Бұл бүкіл қазақтың басында бар дерттің бірі. Жалпы айтқанда, 10 айдың көлеміндей болды, қазір әкем түрмеде жатыр. Осы аралықта тергеу амалдары мен сот процестері өтті. Жалпы айтқанда, сот барысындағы заңсыздықтың куәсі болдым. Үкім заң талаптарына сай шыққан жоқ.

Құзырлы органдардың, Медеу ауданының полиция бөлімі, прокуратураның істерді қараған кезде айғақтарды бағамдау, зерттеуі сын көтермейді. Сапасыз. Заңды дұрыс қолданбаған. Тергеу амалдары кезінде істі толық қарамаған, соған қарамастан прокурор істі сотқа дейін жеткізіп отыр және сот үкім шығарып тастап отыр. Прокуратура заңның заңдылығын тексеретін құзырлығы бола тұра, бәріне көз жұма қарайды. Тек дәлелдер бар деп айтумен ғана шектеледі. Нақты дәлел көрсетпейді. Ал біздің тарап бойынша бұл іс бойынша нақты дәлел жоқ…

Өзім сериалдарға түсіп жүрсем, сериалдың ортасында жүр екенмін”, - деді актер.

Актер келесі видеоларда оқырмандарына оқиғаны толықтай айтып беретінін айтып, уәде берді.

Пікірлер