Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай жібермек

956
Adyrna.kz Telegram

«ҚазТрансОйл» АҚ 300 мың тонна көлеміндегі мұнайды Германияға тасымалдайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады»,—делінген хабарламада.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket