50 млн теңгені жымқырған құрылыс басқармасы бастығының орынбасары сотталды

2676
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды»,—деп жазды Антикордың баспасөз қызметі.

Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер