Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылды

2506
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астанада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қылмыстық қудалаудан қорғайтын "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" заңның күші жойылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2000 жылы қабылданған Конституциялық заң бойынша Назарбаевты ұстауға, қамаққа алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайтын еді. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға тыйым салынған болатын.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров шешім қабылдауда халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескергендерін атап өтті. Бұған дейін ол Назарбаевтың Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлімен ғана қалғанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев "құрметті сенатор" мәртебесінен де айырылды.

Пікірлер