Интернет жарнаманың табысы телевизияны қуып жетті

3172
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Интернет жарнаманың табысы телевизияны қуып жетті. Бұл туралы журналист Ерке Жұматай Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, өткен жылы Қазақстанда жарнама нарығы 56,5 млрд. теңге пайда тапты. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өскен.

“Әсіресе, интернет жарнама сегменті 19%-ға өсіп, (23,2 млрд. теңге) ТВ-ны қуып жетті. Бұл дегеніміз енді жарнама берушілер дәстүрлі медианы емес, әлеуметтік желіні таңдайды деген сөз.

Алдағы уақытта ТВ, газет, радио альтернатив нұсқа ұсынбаса, қазіргі қолында барынан да айырылып қалуы мүмкін. Әлемдік ірі алпауыт медиа корпорациялардың басына түскен проблема бұл. Олар қалай күресіп жатыр, ол туралы толығырақ кейінірек жазамын.

Қызық, BBC сияқты алпауыттар қаражат табудың түрлі тетігін меңгерген. Олар әр жарнама беруші үшін күреседі, тиімді контент ұсынады. Тәуекелге баруға қорықпайды. Бізде госзаказ аман болсын..

Өкінішке орай, Media development бізде мемлекеттің бюджетімен шектеледі. Ал БАҚ- қа ақша тауып беріп, оның "аузы- мұртын майлайтын маркетинг мамандардың бар жұмысы жыл басында госзаказдың сайтын аңду ғана”, - деп жазды журналист.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер