"Олар үтік қолданған-ды. Күдебаевың сүттен ақ, судан таза емес!" - белсенді Әлімбеков

4341
Adyrna.kz Telegram
Жетісу облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың қорғаушылары сотқа өтініш жолдаған еді. Олар өз өтінішінде сот ісін тоқтатып, Күдебаевты қайта қызметіне тағайындауды сұрап отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Серік Күдебаевтың өз қызмет орнын қалай тастап қашқанын айғақтайтың видеожазба тарады. Қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков те Күдебаевтың қаңтар қарсаңындағы қызметіне қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Қаңтар: генерал Күдебаев сүттен ақ, судан таза ма?" деп аталатын жазбасында қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков Күдербаевтың Қанды Қаңтар қарсаңындағы іc-әрекетін сынға алады. Сонымен қатар, оның қызметтің өрлеуіне қатысты күмәнін де жоққа шығармайды.
- ФБ-да Алматы облысы ІІД-нің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Қаңтар оқиғасы кезіндегі қылығын жуып-жайып ақтап алу науқаны басталыпты. Қарап тұрсам, Күдебаевтың сойылын соғып жатқан өңкей журналистер.
Құрметті әріптестер, "Күдебаев бейбіт ереуілшілерге қарсы оқ ату бұйрығын орындамады, сол үшін кінәлі болып жатыр" деп бір жақты пікір айтпас бұрын, Қаңтарда адам өлімі бойынша Талдықорған аймағы екінші орын, ал қамалған азаматтарды азаптау бойынша бірінші орын алғанын бір сәт қаперге алсаңдаршы. Азаптаудың "заманауи" тәсілі - ыстық үтік те осы аймақта қолданылды ғо. Енді келіп генерал Күдебаев жақсы, басқа генералдар жаман боп қалып па?! Логика қайда?!
Жағдайды түсінетін адам генералдардың бәрінің оңып тұрмағанын біледі. Мысалы, дәл осы Күдебаевтың туған жерінен - Жамбыл ауданынан бақандай 40 генерал шығыпты. Сонда алып Қазақтаннның кішкентай бір бөлшегіне тек генерал туатын әйелдер жиналып қалған ба?!
Осы жағдайды ақылға салып ойланып қарасақ, бір жерден 40 генералдың шығуы Ескі Қазақстан тұсында рушылдық, жершілдік, жең ұшымен жалғасқан жемқорлық ауқымының қанат жайып, бүткіл мемлекетті ордалы жыландай орап алғанын көрсетеді. Ал сіздер сол жүйеге қызмет етіп, шен-шекпен алған генерал-майорды сүттен ақ, судан таза, қой аузынан жөп алмаған момақан қылып көрсеткілерің келеді. Эх, бір кем дүние..., - деп жазды автор.
Әлеуметтік желіде Қаңтар кезіндегі Серік Күдебаевтың іс-қимылын анық көрсететін видеожазба тарады. Видеожазбада полиция департаменті бұрынғы басшысының өз қызмет орнын тастап қашқаны бейнеленеді.
Пікірлер