Бас хатшы: И. Тасмағамбетовтің ОДКБ-ға қатысты жаңа қызметін Мәскеу мақұлдады

3583
Adyrna.kz Telegram

ҰҚШҰ-ның [ОДКБ] ендігі Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің жаңа қызметі Мәскеу мен Минск тарапынан ресми мақұлдады. Әскери ұйымның жаңа хатшысын Беларусь елшісі арнайы көпшілікке таныстырып, ұйымның Тұрақты кеңесінде төбе көрсетті, деп хабарлайды Мәскеудегі Беларусь елшілігі.

"Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік деңгейдегі хатшысы Александр Вольфович сөз алды. ОЛ ҰҚШҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы барысында Ұйымның жаңа Бас хатшысы, Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті көпшілікке таныстырды",-деп хабарлады елшілік өзінің Telegram-арнасында.

Сонымен қатар, кеңес отырысында Вольфович Тасмағамбетовтың жақын арада Минскіге арнайы сапармен баруды жоспарлап отырғанын да сөз етті.

"Оның саясаткер және мемлекет қайраткері ретіндегі бай тәжірибесі ҰҚШҰ Бас хатшысының қызметін қалтқысыз атқаруға ықпал етері сөзсіз. Тасмағамбетов біздің ұйымға жаңа серпін береді, ұйымның қазіргі заманғы сын–тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге соққы беру тиімділігін артырады, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның рөлі мен саяси маңызын нығайтады", - деді Александр Вольфович.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер