Самат Нұртаза: "Қазақстан халқы дұрыс басшы таңдады, нәтижесін көріп отырмыз"

3564
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтанушы, қоғам белсендісі Самат Нұртаза Украинаның танымал тележүргізушісі, журналист Дмитрий Гордонның Қазақстанға қатысты айтқан пікіріне түсінік берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қоғам белсендісі Қазақстанның іргесі шайқалмай, осы уақытқа дейін берік тұруын Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұңғыла саясатымен байланыстырады.
- Гордон іштей Қазақстанға қызығады әрине. Берген сұхбатында пендешілігі байқалып қалды. Гордонның елі күл-талқан. Өз бауыры, діндес бауыры, егіз бауыры соғыс ашты. Халқы босып кетті. Мыңдаған ер азаматынан айырылды. Әлбетте Гордон іштей: “Қазақты алғанда ғой …” деген өкініші бар екенін жасыра алмады.
Бірақ мәселе тереңде жатыр. Тарих Украинаға терең саясаткер бермеді. Тағдыр Украинаға сабырлы басшы бермеді. Кучмадан кейінгі келген Ющенко/Порошенко/Янукович/Зеленский буындары шыдамсыздау болғанын мойындау керек. Көп нәрсе басшыға байланысты. “Ең мықты соғыс - ол болмаған соғыс” деген мақалды ұмытқан сияқты көпшілік… - деп қайырды қоғам белсендісі.
Автор кейіннен Тоқаевтың дипломатиясына, Ақ Орданың терең саясатына тоқталады. Оның айтуынша, Украина республикасы дұрыс басшыға жарымай келеді. Бұған қатысты:
- Ресей бұл соғысқа 99% кінәлі болса, 1% кінә Украинаның дипломатиялық жолын таңдамауында жатыр. Мемлекет аралық мәселелерде дипломатияға жүгінудің орнына, Украина билігі мінез көрсетті, кей мәселеде шамасына қарамай сөйледі, артық эмоция байқатты. Әрине біз үйде, кафе мен офиста украиндықтардың “Батырлығымен” тамсанамыз, бізге оңай. Қаламыз сау, жеріміз азат, аспанымыз ашық, той жасаймыз итд итп.
Гордонның сөзін болдырмаған - Тоқаевтың дипломатиясы. Табалап жесеңіздер де айтайын. Гордонның ішінде жатқан қыжылын Ақ Орданың терең саясаты тербетіп отыр. Гордон - Қазақстан билігінің қателеспегеніне ызалы сияқты. “Мен көргенді неге Қазақстан көрмеді” деген реніш.
Жалпы Украина халқы дұрыс басшы таңдамады - нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстан халқы - дұрыс басшы таңдады - оның да нәтижесін көріп отырмыз. Өз ойым, - деді сөз соңында Самат Нұртаза.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер