"Шардараның" маңында орналасқан 22 елді мекенді топан су басу қаупі бар

3896
Adyrna.kz Telegram
Қардың күрт еруі мен табиғат мінезінің құбылуы салдарынан "Шардара" су қоймасы ерте толып, ақыры апатты жағдайға ұласуы мүмкін. Сырдария өзенінің бастауында тұрған көршілес елдерден ағып келіп жатқан су мөлшері бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл едәуір мол, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Астана" телеарнасының көрсеткен деректеріне сүйенер болсақ, өткен аптаның әр күні  су қоймасына орта есеппен 42 млн текше метр су құйылған. Сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метрлік су қоймасы лықа толып жатыр.

"Қазгидромет" РМҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Махамбет Жазықбаевтың айтуынша, Шардара былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100 пайыз артық толып отыр.

Гидролог мамандар бұл құбылысқа Үкімет баса назар аударуы тиіс деп санайды. Өйткені еліміздегі ең ірі су қоймасы саналатын Шардара арнасынан асар болса, 34 мың тұрғын қоныстанған 22 елді мекенді су басуы мүмкін.

Тиісті мекеме тарапынан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне "Шардара" су қоймасының толуын 70%-дан асырмау және "Көксарай" су қоймасына су толтырмау бойынша ұсыныс хат жолданған. Шардараның шегінен шығып, айналасына су жайылуын болмырмауды көзейтін мамандар алатмыш шаруаны шешу жолында штаб құрылып, Үкімет деңгейінде тиісті іс-шаралар қабылдануы тиіс деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер