Бас прокурор: Қаңтар оқиғасының негізгі ұйымдастырушыларын анықтадық (ВИДЕО)

3986
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар оқиғасын жоғары лауазымды адамдар мен қылмыстық топтың мүшелері ұйымдастырды". Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндіріп,  бәрімізге үлкен сын болды. Сіздерге келіп отырған басты себебіміз – болған оқиғаға тура нақты ақпарат және заңды баға беру. Сіздер арқылы ақпаратты отандастарымызға жеткізу. Бүгінде қолымызда толық мәліметтер бар. Тергеу органдары оқиға хронологиясын, негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Олардың үстінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де болды. Қаза тапқандардың бәрінің кім екенін, олардың қайтыс болу себептерін зерттедік. Қару-жарақты іздеу жалғастыруда. Қылмыскерлерді жауапқа тартудамыз", - деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер