Путин Тоқаевты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен ерекше құттықтады

3211
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин елімен достық байланысты ұстаған өзге мемлекет басшылары мен үкімет басшыларын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Соның ішінде алғашқылардың бірі болып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жаңа жыл мерекесімен құттықтау жеделхатында Ресей мен Қазақ елінің қарым-қатынасы сөз етілген. Откен жылғы стратегиялық әріптестік, одақтастық және тату көршілік қағидаттарының алдағы уақытта да әрмен қарай қарқынды дамуына Путиннің сенімі зор. Сонымен қатар, екіжақты сауда-саттық көлемі жақсы көрсеткіштермен есте қалып, өнеркәсіптік, энергетикалық және басқа да салалардағы ірі бірлескен жобалар табысты іске асырылғаны да айтылды.

- Владимир Путин  көп жоспары бар Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі арттыруды қамтамасыз етуге, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ шеңберіндегі үйлестірілген жұмысты жалғастыруға қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді. Ресей президенті мұның барлығы бауырлас халықтардың мүддесіне сай келетініне, Орталық Азиядағы, Каспий өңіріндегі, жалпы еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту бағытында жүргізіліп жатқан стратегиялық шаралар екендігіне сенімді, - делінген хатта.

Сонымен қатар, Владимир Путин Абхазия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Осетия, Боливия, Бразилия, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Үндістан, Қытай, Куба, Никарагуа, Сербия, Сирия және Түркия мемлекет басшыларын да құттықтады.

Ресей басшысы өзінің айрықша ықыласын танытқан жеделхатты алғандардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер