Иржи Шмейц Home Credit Bank-тің ірі акционері атанды

2356
Adyrna.kz Telegram

Бүгін PPF халықаралық инвестициялық-қаржы холдингінің СЕО Иржи Шмейц қазақстандық Home Credit Bank-тің ірі акционері атанды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Иржи Шмейц бұрын ресейлік «Хоум Кредит энд Финанс Банк»  ЖШҚ-ға тиесілі банк акцияларының 25%  үлесін сатып алып, өз үлесін 34,7% - ға дейін арттырды.

Иржи Шмейцтің үлесін ұлғайтуды бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаған болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық Home Credit Bank акционерлерінің құрамында ресейлік акционерлер жоқ.

Иржи Шмейц – кәсіпкер, осы жазда ол Home Credit тобына иелік ететін PPF халықаралық инвестициялық және қаржылық холдингінің бас директоры болып тағайындалды. PPF Group 25 елде қаржылық қызметтер, телекоммуникация, медиа, Биотехнология, жылжымайтын мүлік және инжиниринг сияқты әртүрлі секторларға инвестиция салу арқылы жұмыс істейді. Холдингтің 40,13 миллиард еуро сомасындағы активтері бар.

Home Credit Bank 2005 жылдан бастап Қазақстанда бері жұмыс істейді, 17 жыл ішінде банк клиенттерінің саны 5 млн адамнан асты . Қаржы институты бизнес тиімділігінің ең жоғары көрсеткіштерін көрсетеді:  ҚРҰБ мәліметтеріне сәйкес 9 айдағы активтердің рентабельділігі (ROA) бойынша секторда екінші орында – 5,94%,  9 айда меншікті капиталдың рентабельділік көрсеткіші (ROE) бойынша коммерциялық банктер арасында 5 орын, яғни 34,08 %-ды құрады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер