Биліктегілер жаңа жыл қарсаңында азық-түлік еш қымбаттамайды деп уәде берді

3424
Adyrna.kz Telegram

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын шектеу қаншалықты шынайы деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Рустам Ахметов Жаңа жылға дейін азық-түлік бағасы қымбаттамайтының айтты.

"Иә, бұл рас. Премьер-Министр (Әлихан Смайылов. – Ред.) алға қойған міндет – жыл соңына дейін 20 пайыздан аспайды. Яғни, қазір бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі 19,6 пайыз шамасында. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы күрт көтерілмеуі керек деген міндет қойды, қазір осы тапсырманы пысықтап жатырмыз", - деді Рустам Ахметов.

Баяндамашы бағаның өсуі бірқатар факторлармен, соның ішінде экономикалық келеңсіздіктермен және нарық субъектілерінің заңсыз әрекеттерімен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылар азық-түлік бағасын заңсыз көтергендердің үстінен дәлел көрсете отырып, шағым түсіре алатынын айтып өтті.

"Егер тұтынушының қолында бұл ақпарат болса, онда ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгіне алады", - деді Рустам Ахметов.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер