“8 жыл бойы үйімізді күтіп отырмыз”: Астаналық дәрігерлер Тоқаевтан көмек сұрады

3410
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/cac96ca5-9728-4794-ad8c-97c2d03160c1.jpeg

Астананың медицина қызметкерлері «Денсаулық Бақыт» тұрғын үй кешенінің құрылысы тым ұзаққа созылғанына наразылық білдіріп, Президентке бейнеүндеу жолдады. Видео @zhaloby.astana Instagram парақшасына жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Біз «Денсаулық Бақыт» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымыз, бұл медицина қызметкерлерінің үйі. Бізге көмектесуіңізді сұраймыз! Біздің үй 8 жыл бойы салынып келеді! 8 жыл бойы дәрігерлер өз үйлерін күтіп отыр. Біз Алтай Көлгіновке де, құрылыс компаниясына да талай мәрте хат жаздық, әкімдікке және Президентімізге жазып отырмыз! Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге назар аударыңызшы! Дәрігерлер адам өміріне араша түседі,

күнделікті ем-дом жасайды, неге бұл жоба бізге берген уәдесін орындамайды? Кездесуде ТК жобасының өкілі біздің үйді 24 желтоқсанда тапсыруға уәде берген болатын! Қазір ештеңе жасалмады! Вице-министрдің ресми хатында үй 2022 жылдың қазан айында толық тапсырылады деп көрсетілген. Бізге өз пәтерімізге қоныстануға көмектесіңіз! Кінәлілерді жазалаңыз!",- делінген дәрігерлердің үндеуінде.

Айта кетейік, «Денсаулық Бақыт»  – Астана – Қарағанды тас жолының бойындағы Алматы ауданында орналасқан эконом-класты тұрғын үй кешені. Кешенді салушы компанияның атауы да – «Денсаулық Бақыт».

Комментарии