Кәрім Мәсімтің інісі Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа берілді

2133
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», - делінген Агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Еске салайық, қаңтар оқиғасынан кейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Кейін оған іздеу жарияланып, ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамған 12 млн теңге сыйақы берілетіні мәлім болды.

Шілде айында Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды.

Пікірлер